Туған-туыстары әскери борышын өтеуге шығарып салды

Туған-туыстары әскери борышын өтеуге шығарып салды

Бүгін Астанадағы 5573 әскери бөліміне Қостанайдан мерзімдік қызметін өтеуге сарбаздар аттанды. Осыған байланысты Қорғаныс істері департаментімен бірлесіп 6697 әскери бөлімі аумағында  бір күндік әскерге шақырылушы күні өтті.

Онда әскерге шақырылушыларды  ата-аналары шығарып салды. Биыл Батыржанның баласы ер жетіп, Астанаға әскери борышын өтеуге шешім қабылдапты. Болашақ отан қорғаушыларға ізгі тілегін білдірді.

“Балаларым, бүгін Отан алдындағы борыштарыңды өтеу үшін үйлеріңізден аттанып отырсыздар. “Отан қорғаушы”деген абыройлы есімді жоғары ұстаңдар. Елде қалған ата-аналардың, бауырларыңның тыныш ұйқысы үшін міндеттеріңді абыроймен өтеп аман-есен келулеріңе тілектеспіз”, – деді Батыржан Магзумов.

Жаңалықтармен бөлісу