Алтынсарин ауданына қарасты Силантьев ауылындағы шағын ғана №872 учаскеде 178 дауыс беруші тіркелген.Қазірге дейін сайлаушылардың көбі өз таңдауларын жасаған.
– Ауыл халқы келіп өз таңдауларын жасауда. 18:30-дағы жағдай бойынша 90-нан аса адам дауыс берді, – дейді сайлау учаскесінің төрағасы.
Ауыл азаматы Әбілхан Әбілов саяси науқаннан “Жаңа Қазақстанның” лебі сезіліп жатқанын айтады.
– Аудан әкімін таңдау демократия жолындағы үлкен жетістік деп айтар едім. Ауданымыздың, ауылымыздың ахуалы жақсы. Үлкен деңдейдегі іс-шараларды атқарып келеді. Алдағы сайланатын әкімге де тұрғындар зор сенім артады, – дейді ауыл тұрғыны.
Ал Мәдениет үйінде орналасқан №181 сайлау учаскесінде 784 сайлаушы бар. Оның 300-ден астамы таңдау жасаған.
Екі бақылаушы сайлаудың өту барысын қадағалап отыр.
– Сайлау учаскесі ашылғаннан бастап қарап отырмыз. Ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ. Тұрғындар емін-еркін келіп дауыс беруде. Оған бар жағдай жасалған, – дейді өзін Наталья Ивановна деп таныстырған бақылаушы.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Б.Мейрамұлы
Алтынсарин ауданы