Жылыту маусымының сапасы жөндеу жұмысының көлеміне байланысты. Биыл 24 жобаны іске асыру жоспарланған. Қостанай жылу энергетикалық компаниясы 15 жобаны өз қаржысы есебінен жүргізбек.
Жөндеу жұмыстары барысында жылу көздеріндегі негізгі және қосалқы жабдықтар жаңарады. Сондай-ақ, 5,4 шақырым жылу желісін ауыстырып, күрделі жөндеу жұмысын атқару көзделген.
“Қазіргі кезде он жоба сәтті аяқталды. Жылыту маусымының басталу мерзіміне кедергі келтірмейтін яғни абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, қалған 14 жоба 1 қазанға дейін аяқталатын болады. Жобалар сәтті жүзеге асар болса, натижесінде тозу деңгейі 63,1 пайыздан 59,9 пайызға төмендейді”, – дейді ТКШ бөлімінің басшысы Азамат Бегалин.
Мемлекет басшысы да екі жыл бұрынғы Қазақстан халқына Жолдауында желілер мен қуаттылықтардың тозуын 15% дейін төмендетуді қамтамасыз ету жөніде тапсырма берген еді. ТКШ бөлімінің басшысы осы жұмыстарды орындау үшін алдағы жылдарға арналған жөндеу науқанына дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.
“Жалпы сомасы 8 974,8 млн теңгеге 10 жоба әзірленді. Оның ішінде жалпы сомасы 6 039,9 млн теңгеге ұзындығы 4,966 шақырым магистральдарды реконструкциялау бойынша алты жоба, сондай-ақ жалпы сомасы 2 934,9 млн теңгеге жылу көздері бойынша 4 жобаға бюджеттік өтінім берілді. Алдағы уақытта “Қостанай қаласының ЖЭО жаңғырту және кеңейту” үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Жалпы құны 41,1 млн теңге болады. Ол электр энергиясын өндіруді 12-ден 24 МВт-қа дейін ұлғайтуға, сондай-ақ, жылу энергиясын өндіруді ұлғайту, қолданыстағы тозған жабдықтарды жаңғыртуға мүкіндік береді”, – деді Азамат Бегалин.
Мекеме қажетті қор жинап, қосымша отын сатып алуда. Қазіргі уақытта 4 мың тоннадан астам мазут қоры бар. Қажетті он тәуліктік отын қорымен қамту үшін жақын арада “ҚазМұнайГаз”ҰК” АҚ-мен қосымша 3 мың тоннадан астам отын сатып алуға шарт жасалған. Оған бюджеттен 467,5 млн теңге бөлінген.
“Жылыту маусымы басталар алдында әр ғимартқа дайындық актісі алынуы тиіс. Бүгінде білім беру нысандарының 86 пайызы, денсаулық сақтау ұйымдарының 69 пайызы қыс мезгіліне дайын. Енді облыс орталығыдағы тұрғын үйлердің жұмысын жандандыру қажет. Өйткені, қалада мүлік иелерінің бірлестігі және қарапайым серіктестігі жоқ үйлер бар. Ол үйлерде жылумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін жуу тетігі мәселесін қосымша пысықтау қажет”, – деді ТКШ бөлімінің басшысы.
Қала әкімі Марат Жүндібаев өткен жылы да осындай иесіз үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмысы әкімдік көмегімеен жүргізілгенін еске салды. Қалалық әкімдік қазынасынан бөлінген ақша есебінен 45 көпқабатты тұрғын үйде жылу желілері тазартылған. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде қалада осындай иесіз 240 тұрғын үй бар.
“Үйлердегі жылу желілерін жуу тұрғындардың міндеті. Екінші жағынан адамдар ол жұмысты өз беттерімен істей алмайды. Былтыр әкімдік ескі екі қабатты тұрғын үйлердің жылу желілерін жууға көмектесті. Осылай кете беретін болса, тұрғындар да біреу істеп бергенге үйреніп алады. Маман жалдап, шығынданғылары келмейді. Тұрғын үй қатынастар бөлімі ҚЖЭК-пен бірге жұмысты үйлестіру жөнінде талқылауы қажет. Ақпаратты БАҚ арқылы тұрғындарға жеткізу керек. Жылу компаниясы да желілердің таза болғанын қалайды. Сол себепті қаржы бөліп, шынымен мұқжат көпқабатты тұрғын үйлерге көмектесеміз”, – деді Марат Жүндібаев.
Жылу компаниясы бүгінде 83 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Оның ішінде, екі жарым мыңнан астамы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ал, 80 мыңнан астамы тұрғындар. Кәсіпорынға дебиторлық белешек көлемі 1 млрд теңгеден көп. Халқытың белешегі 500 млннан асып жығылады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жылу компаниясына 657,6 млн теңге белешек.
Сералы МЫРЗАБАЙ