Тұрғын үй құрылысы бәсеңдемейді

Тұрғын үй құрылысы бәсеңдемейді

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында  облыста барлығы 117,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы  кезеңмен салыстырғанда 3,3% -ке артық. Тұрғын үйдің 27,6% – і  халықтың қаражаты есебінен салынған.

Бұл туралы  облыс әкімдігінде өткен кеңесте облыстық бюджетті жоспарлау және экономика басқармасының жетекшісі Гүлбарам Мұсағазина айтты.

“Жалпы, облыстың он төрт өңірінде тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны жоғары. Әсіресе, Жанкелдин, Науырзым, Ұзынкөл  аудандарының көрсеткіші жоғары. Керісінше, үш өңірде құлдырау байқалады. Мәселен, Федоров ауданында  саладағы нақты индекс көлемі 14,3% -ке тең.  Енді жыл қорытындысында  халық есебінен және Федоров ауылындағы 24 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру есебінен нақты  көрсеткішке қол жеткізілмек. Жітіқара ауданындағы көрсеткіш  21,5%-ке төмендеген. Биыл мұнда  көп пәтерлі тұрғын үй салу және қайта қалпына келтіру  жобалары қолға алынғанбаған. Арқалықта нақты индекс көлемі 42,4%-ке тең.  2023 жылдың бірінші тоқсанында Арқалық  және Родина кентіндегі тұрғын үй алаңы ұлғайтылып,  көп қабатты үйлерді  қайта жаңарту жұмыстары  жүргізілген. Жыл айрығына дейін  Арқалық қаласында 2,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беріледі”, – дейді басқарма басшысы.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу