Биыл физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жетінші сыныбына конкурстық іріктеуден өтіп, жоғары білім деңгейін көрсеткен және “Өркен” білім грантының иегерлері болған 160 оқушы қабылданды.
Бұл 10 жылдық тарихы бар мектеп үшін ерекше оқиға болды. Жаңадан қабылданғандардың қатарында 5-сыныпқа қадам басып, Назарбаев Зияткерлік мектептің табалдырығын аттаған он оқушы да бар.
Мерекелік бағдарламада «Тұмар» би ансамблі мен «Менің алтын ұя мектебім!» әнімен республикалық және халықаралық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары «Hard Chord» вокалды-аспаптық ансамблі өнер көрсетті.
“Тәуелсіздік ұрпақтары” облыстық стартап-жобалар конкурсында жеңіске жеткен 12 “D” сынып оқушысы Әділхан Тубулбаев және конкурстық іріктеуде ең жоғары балл жинаған 7 “А” сынып оқушысы Нұрсая Сандибек білім күніне арналған мерекелік іс-шараның алғашқы қоңырау соғу рәсімін жүргізді .
Іс-шара 7 – сынып оқушыларының салтанатты ант беруімен жалғасты, қатысушылар мен көрермендер ерекше ықыласпен оқушыларға қошемет көрсетті.
Салтанатты жиыннан кейін мектеп сыныптарында шаңырақ сағаттары өтті.
“2024 жыл мектеп үшін ерекше жыл болды. Биыл мектебіміздің 10 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осы онжылдықта біздің білім беру мекеме талай сынақтардан өтіп, көптеген жеңістерге қол жеткізіп, сенімді түрде алға жылжыды. Біздің оқушылар мен мұғалімдер мектептің елдегі жетекші оқу орындарының бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кәсіби және шығармашылық жетістіктеріне жетуге ықпал етті. Бұл мерейтой біздің бірлігімізді, табандылығымызды және білімге деген ұмтылысымызды білдіреді. Осы айтулы жылы біз өткен жолға мақтанышпен қараймыз және болашақтағы жаңа белестерге әрекет етеміз”, – деп атап өтті білім ордасының PR менеджері Әсел Қибаш.
Айбол Өміртай
ҚӨУ студенті