25 мая, 2025
Түркия елінің атынан Арқалықтағы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасалды

Түркия елінің атынан Арқалықтағы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасалды

Түркия Республикасының «Мәдениет және туризм» министрлігіне қарасты «Түрік ынтымақтастық және үйлестіру» агенттігінің (TİKA) ұйымдастыруымен Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаемед» мешітінде арнайы қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Қайырымдылық іс — шара елімізде Наурыз мерекесін тойлаудың «Наурызнама он күндігінің» қайырымдылық күніне орайластырылып отыр.

Игі бастама аясында әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін азық-түлік қажеттіліктерден құралған қайырымдылық жәшіктері (100 бірлік) таратылды. Жалпы, Түркия елінен еліміз бойынша мың отбасыға қайырымдылық көмегі қарастырылған.

«TİKA агенттігі осындай игі істерге бастамашы болып, әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Осы ретте, қайырымдылық көмегін ұйымдастыруға үлес қосқан барлық азаматтарға, сондай-ақ қала мешітінің өкілдеріне алғысымызды білдіреміз», – дейді ұйым өкілдері.

Мұрат Жүнісұлы

Арқалық қаласы