Түркістан өңірінен делегация келді

Түркістан өңірінен делегация келді

Өңірімізге «Оңтүстіктен солтүстікке» көші-қон мәселелері жөніндегі баспасөз туры аясында Түркістан өңірінен делегация келді. Сапар барысында Түркістан облысынан қоныс аударған отбасылардың жұмыс орындарымен, тұрмыс жағдайларымен танысу жоспарланып отыр.Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Соңғы алты жылда тиісті бағдарлама негізінде облысқа Түркістаннан мыңнан аса адам көшіп келді. Жалпы Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан қоныс аударған азаматтарға және шетелдерден келген қандастарға отбасының әрбір мүшесі үшін 240 мың теңге, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеу үшін материалдық көмек ретінде бір жылға айына 70-100 мың теңге төлем төлеу, үй сатып алу үшін 4 млн теңгеге дейін сертификат беру қарастырылған”, – деді Ринат Зәкиұлы.

Қоныс аударған  дәрігерлер үшін де 5 млн теңгеге дейін көтерме жәрдемақы беру  көзделген. Жанашыр азаматтар бағдарламадан тыс үй алып беріп, отын-су жеткізуге көмек көрсетсеуге ниеттеніп отыр.

“Келесі жылы басқа өңірлерден көшіп келетін азаматтар мен қандастарға арналған квотаны көбейтсек деген жоспарымыз бар”, – дейді облыс әкімінің орынбасары.

 

 

,

Жаңалықтармен бөлісу