Сүйінші! Дала еркесі керқұлан тарихи отанына қайта оралып жатыр. Құландардың екінші легі Арқалық әуежайына арнайы ұшақтармен жеткізілді. Еске сала кетсек, бұған дейін де құландардың алғашқы легі келген болатын.
Керқұлан 1960 жылдардың аяғында табиғаттан мүлде жойылып кеткен, дегенмен оның түрін сақтап қалды. Жабайы жануардың бір атауы «кертағы» деп аталады.
Тарихи отанына оралған керқұландардыарнайы мамандар қарсы алып, дала қорығына жөнелтті.
«Бірінші борт арқылы Венгриядан 4 керқұлан, екінші борт арқылы Чехиядан 3 керқұлан жеткізілді. Биылға барлығы осы 7 құлан, келер жылы тағы 8 құлан келеді. Осылайша, 2029 жылға дейін осы елдерден бізге борт келіп тұрады. Туған жеріне, жазық далаға жіберіледі. «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватында осы жылы мамыр айында аналықтары мен аталықтарын қосып жатыр. Мамандардың айтуынша мұның алдында жеткізілген құландардың бәрі дін аман. Ветеринариялық бақылау жасап, бәрін қабылдап алдық. Бұл құландар енді бір айға жуық уақыт бойы карантинде тұратын болады», – дейді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Марғұлан Қойшанұлы.
Ежелден кертағы деп аталған атақты Пржевальский жылқысы өзінің тарихи отанына оралуда. Негізі, кертағы қазақтың кең даласынан шыққан. Қысқы аяздар мен жазғы аптап ыстыққа төзімді, жалына құрық тимеген, мұз дәуірінен бері азияның шексіз жазығын мекендеген жабайы жануар.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы