Торғай өңіріне айырықша назар аударылады

Торғай өңіріне айырықша назар аударылады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында бізді, Торғай аймағына ерекше толғандырып жүрген мәселелерге арнайы тоқталды.

Торғай аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің басты назарында болатынын Мемлекет басшысы нақты айтты. Бұл – халқымыздың болашағына деген сенімді күшейтетін қуанышты хабар.

Сондай-ақ Арқалық әуежайының қайта іске қосылатынын жария етті. Бұл – көп жылдан бері күткен тарихи шешім. Торғай даласы үшін әуежайдың ашылуы халыққа қолайлы жағдай жасап қана қоймай, аймақтың дамуына тың серпін береді.

Ел Президентінің Жолдауында осындай мәселелердің жоғары мінберде айтылуы – Тобыл-Торғай өңіріне деген ерекше көңіл бөлінгенінің айғағы.

Біз, қоғамдық кеңес мүшелері, осы бастамалардың толық жүзеге асуына қолдау көрсетіп, бірге атсалысамыз!

Айбек Таңатбаев,
облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі