Президент Торғай өңіріне келеді

Президент Торғай өңіріне келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңесте Қостанай облысына арнайы іс-сапармен келетінін айтты.

«Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек».

Айта кетейік, телекөпірге Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты. Президент Ақмола облысына егін жинау науқанының барысымен танысу үшін арнайы келгенін айтты.

Сералы МЫРЗАБАЙ