«Төрт түлік» қосымшасы Арқалыққа жетті

«Төрт түлік» қосымшасы Арқалыққа жетті

Ауыл шаруашылығын цифрландыру – уақыт талабы. Осы бағытта арнайы мамандар Арқалық жақтағы ауыл тұрғындарының ұялы телефондарына «Төрт түлік» қосымшасын орнатып беріп, оны тиімді пайдалану жолдарын жан — жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған қосымша төрт түлік малдың есебін жүргізуді жеңілдетіп, ветеринариялық қызметтерді қолжетімді етеді.

Тұрғындар өз малдарының деректерін тіркеп, вакцинация мерзімдерін қадағалап, ветеринариялық шаралар туралы ақпаратты дер кезінде алады. Сонымен қатар, мал қозғалысын тіркеу, қажетті анықтамаларды рәсімдеу сынды қызметтерді онлайн түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

blank

Мамандар әр үйді аралап, қосымшаны орнату барысында оның артықшылықтарын түсіндіріп, практикалық көмек көрсетуде. Бұл жұмыстар ауыл халқының цифрлық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де зор үлес қосады.

blank

«Цифрлық технологияларды тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беретін маңызды қадам. «Төрт түлік» — ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне арналған ыңғайлы қосымша.Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мал шаруашылығында есеп жүргізу тәртібі жақсарып, қызмет көрсету сапасы арта түспек.

blank

«Төрт түлік» – қазақ халқының дәстүрлі ұғымы, оған: ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе жатады. Бұл қосымша ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу және бақылау үшін жасалған. «Төрт түлік» қосымшасы: мал басын электронды түрде есепке алуға, тіркелген жануарлар туралы нақты ақпарат алуға, малды сәйкестендіру деректерін қадағалауға, қағазбастылықты азайтуға, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді», – дейді Қостанай облыстық ветеринариялық басқарманың Арқалық қаласы бойынша бас маманы Қасқырбай Бейсенов пен Боран Бекенов.

Мамандардың айтуынша «Төрт түлік» қосымшасы – ауыл тұрғындары мен фермерлер үшін сенімді цифрлық көмекші.

blank blank blank blank

Қосымшаны пайдалану арқылы әрбір мал иесі Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосады.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                           Арқалық қаласы