«Тобыл» – «Тұран»: билеттер сатылымда 

«Тобыл» – «Тұран»: билеттер сатылымда 

Осы жексенбі, 23 тамыз күні, «Тобыл» Қазақстан Премьер-Лигасының 22-туры аясында Түркістанның «Тұранымен» кездеседі.
Ойын «Орталық» стадионда өтеді. Басталуы — 18:00-де.

Шығыс мінберге кіру тегін. Батыс мінберге билеттерді fctobol.kz сайтынан алуға болады.

Команданы бірге қолдайық! Стадионда кездескенше, Қостанай!