Тобыл-Торғай Торсаны

Торсан ата 1936 жылы 27 тамыз күні  бүрынғы «Ұзын ауыл»-қазіргі «Алтын дала» болып аталатын ауылында дүниеге келді.ӘкесіСалық ата еңбекпен шыңдалған қолға алған жұмысын тындырмай дамылдамайтын өте шаруақор кісі болыпты.Туыстарға бауырмал жатқа силы елге қамқор әр ісінің кілтін таба білетін ақыл иесі көрген білгені көп парасатты адам болыпты.

Ұлы Отан соғысы  кезінде майданға баруға бірнеше өтініш білдіреді.Алайда Затобол аудандық партия комитетінің  бюросы өтінішін қабылдамайды.Әскерге барудан броньмен қалдырады.Ол уақыттарда механизаторлар жоқтың қасы болатын. Салық ата Александров МТС-інде  комбайншы болып нормасын 3-4 есе орындап жүрген болатын.Салық атаны республикалық денгейдегі марапатқа ұсынады.

Қазақ ССР-інің 20 жылдығына байланысты социалистік  құрылысқа белсене қатысқаны үшін және еңбектегі зор жетістігі үшін жоғарғы кеңес одағы Президиумының Құрмет Грамотасымен марапаттанады.Осы кезеңде Торсан атаның жасы 4-5терде болса,қарындасы Бақыт дүниеге келеді.Бұл кез Салық ата мен Сара әженің жастық шағының бақытты кезеңі болатын.Ауыр еңбекпен халқына қызмет жасаған атамыз 37 жасында ауыр науқастан қаза табады.Сара әжеміз жас өмірін 2 баласына арнап ауыр еңбекпен өмірдің ащы-тұщысын көріп балаларын аман-есен жеткізеді.Балалық шақтың қызығын көрмей өскен Торсан ата жастайынан еңбекқор әр інісіне табанды,әрі білімге құштар болып өседі.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деудіңде мән-маынасы тереңде емес пе. Ол уақыттарда еңкейген кәріден жас балаларға шейін масақ жинап еңбек етіп шыңдалып өскендер еді.

Сара әжеміз Торсаным жауды женуге дән жинап отанымызға  өз үлесін қосып жүр деп мақтап баласын  шабыттандырып отыратын еді дейтін.Ауылымыздың көреген көзді Әлібай ата Жанабай, Есіментай ата Өткелбай аталардың даналық сөздерін бойына қуат ете білген зердесіне сіңіребілген Торсан ата жастай зиінді болып өсті дейтін ауыл қариялары.Қиын кезде ел басқарған Есіментай ата ел үшін жасаған еңбегі жетім-жесірлерге деген қамқорлығы бізге ертедегідей көрінеді.Әкеңнің көзін көрген осындай аталарыңды тыңда дейтін Сара әже.

Әженің сөздерінің әсеріде деболуы керек, Торсан атада елдің халқының қалаулы ұлы болып өсті дейді ауылдастары.

Балалық шақтың естелігінде әкесі Салық атаның қайтыс болардаң 3 күн бұрын айтқан өсиеттей сөзі бала Торсанның мәнгілік есінде қалғандай еді.Балам сабағынды жақсы оқы.Мұғалімдердің айтқанын істе, тәртіпті бол! Адамды теңейтін нәрсе-білім мен еңбек және мінез дегені тіліміз болғанмен жалқау, тентек болсаң –абырой таппайсың-деді.Мен өмір бақи әкенің ақыл сөздерін есімнен шығармадым дейтін ата. Мен 7 сыныпты өзімнің туып өскен Алтын дала ауылының мектебінде бітірдім.

Оқу озатты атандым, 11 сыныпты қаладағы жалпы мектеп интернатында қазіргі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептен жақсы деген бағамен бітіріп шықтым дейтін.Ол кезде мектеп директоры Даулетхан Ибраев ағай болды .Алматы ауыл шаруашылығы институтының аграномия факультетіне қабылданды.

Институтты 5 жыл оқып бітіріп Қостанай облысына жолдама береді.Қарабалық ауданының «ӨРНЕК»  совхозына аграном болып орналасады.Бұл 1961 жылы болатын.Торсан ата осы жылы Үмітай апаймен көңіл  қосып үйлі болады. Үміт апада жоғары білімді ұстаз еді.Еккен егін бітік шығып атаның көрсеткіші жақсы бағаланады,1963 жылы Опкомның бірінші хатшысы А.Бородинның қабылдауында болып Қарасу ауданының «Май» совхозына бас аграном етіп жібереді.Шаруашылықта 30.000 гектар жерге тұқым себіліп жақсы көрсеткішіне ие болдық дейтін ата. 1965 жылдың қорытындысы бойынша 28 желтоқсанда «Құрмет Белгісі» орденін иеленеді.

1968 жылы 27 Желтоқсан  күні Қостанай обылыстық партия комитетінің 1-хатшысы А.М.Бородиннің өз қабылдауына шақырлады,қабылдауында болған Торсан Салықұлы, біз сізді Арқалық ауданыңдағы «Майкотов» атындағы совхозға директорлыққа тағайындағанын айтады.Артта қалған совхоздың көтерлуі оңайға түспеді дейтін 30.000 гектарға бидай қалған 5000 гектарға арпа,сұлы,тары ектік.Сол жылы бірнеше қора 2 пәтерлік 20 үй салынады.Көршеткішіміз жақсы болды дейтін ата.1970 жылы ақпан айында Арқалық аудандық партия комитетінің 1-хатшысы В.Голубенко Торсан атаны «Ангар» совхозына директорлыққа ауыстырады. «Анғарда» жағдайы мәз емес –деді.

Аудандық атқару комитетінің төрағасы  Г.Бобровскийдің көмегімен 11 қара мал бордақылайтын 400 бастық малды №2 бөлімшесінде қора салынады.1-астық қоймасы 1 механикаланған қырман салынады. Совхоз  орталығына жаңа монша салынып 2-пәтерлі 30 үй, салынып жұмыскерлермен мұғалімдерге беріледі. «Ангар» совхозы бастауыш партия ұйымының хатшысы Ғазиз  Біркенұлы Торсан Салықұлы-дарынды басшы! Ол Қостанай облысы бойынша 5 бірдей совхозды қолымен құрды-деп толығымен айта аламын дейтін Торғай облысындағы «Ангар»,«Майкотов»,«Островский»,«Вильямс» және Торғай совхоз- «Техникумының» бағын жандырған директорда-осы! Торсан Салықұлы Нұрмағанбетов!-дейтін.

Дуалы ауыз қариялардың шіркін Торсандай азаматты ерен еңбегінің арқасында совхоздар  жайнап елдің табысы еселеніп халықтың тұрмысы әл-ауқаты жақсарып,көптеген жастар жоғары оқу орындарына түсіп,жол қатынасы жақсарып,әр ауылдарға ұшақтар қонып,автобустар жүрген еді, дейтін Торғай еліндегі қариялар, Қазір елі көшіп жұрты қалғандай.Торсан басқарған  5 совхоздың қазір орнын сипап қалдық мыңыраған 4 түлік құрдымға кетті деген сөздерін әр жерден естіп қалатын болдық деп  Торсан ата назаланатын.

Торғай жеріндегі замандастары Торсан атада іштей тебіренетің құмға сінген судай бар еңбек заяға кеткендей күрсініп отыратын.Өмірге деген салмақты ойы күлпарша болғанына қамығатын қоғамды сүйген елін сүйген жастардың болашағын ойынан шығармаған атамыз ерен еңбегінің жемісін көре алмай жүрек дертімен бақилыққа аттанып кетті,еске алатын қарияларда мәнгілік емес .

Ел есінде қалатындай Торсан атаға бір көшеде бұйырмай тұр қазіргі уақытта.Ақынның хаты өлмейді жақсының аты өлмейді деген аталы сөз қазір ауызғада алмайтын кезенгеде жеттік.Бұл сөзатқа мінген азаматтарға наз екенін түсінер деген мақсатпен жазып отырмын.Торсан ата біздің ауылдың азаматы болғандықтан атаны сағына еске алады ауылдастары.Кезінде Торғайдың Торсаны болған атамыз Қостанайдың бел баласы, дана баласы болды. Кәрілік келгенде абыз ата атанды.Ауыл шаруашылығының  үздігі төс белгісінің куәлігі  Қостанай облысының, «Арқалық қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Торсан ата 1982 жылы 22 ақпанда «Еңбек қызыл Ту» орденімен  марапатталды.Торсан атаға құрмет белгісі» орденімен 1967 жылы 19 сәуірде берген. Қостанай обылысының танымал тұлғалы азаматы ,атамыз қандайда құрметке лайық тұлға дер едікте дейде аламыз.

Халқымның ортасында алаңсыз еңбек етуіме дәнекері болған,аяулы жарым Үміттінде зор үлесі болды.Үйіме қарауға балаларымның тәрбиесіне де көп көңіл бөле алмадым.Барлық жанұямыздың жетістігі ұл қыздарымыздың тәрбиесі оқу үлгеріміне қашанда Үміттің назарынан тыс қалмайтын.

Үміттің ұстаздық еңбегі жанып Қазақ ССР- ның еңбек сінірген ұстазы атағының иегері болды.Кезінде директорлық қызметін абыроймен атқарды. Тұңғышымыз Гүлнар 1962 жылы туған қазірде ұлағатты жанұя,Алматыдағы халық шаруашылығы институтының экономика факультетін бітіріп,экономист-бухгалтер мамандығы бойынша қызмет атқарды, 1 ұл 1 қыз тәрбиелеген.Ұлы  Әлішер  Алматы қаласындағы КИМЭП-ты үздік бітіріп,Англиядан магистратураны оқып келіп, «Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат  қорында мамандығы бойыынша жұмыс істейді.Қызы Анара Заң университетін бітіріп қазір Астана қаласында заңгер болып қызмет атқарады.Ал Сауле болса Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-нің биология  факулельтетін аспирантурасын тәмамдап биология ғылымының кандидаты атағын Мәскеуде қорғап алған.Қазіргі кезде докторлықдиссертациясын қорғаған білікті маман. Кіші қызы Роза Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин  атындағы АРМПИ-ның химия және биология факультетін ,одан сон Әл-Фариби атындағы ҚАЗҰУ-ның аспирантурасын тәмамдап ғылым кандидаты атағын Екатеринбург қаласында қорғаған.Бүгінде Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы КАЗАТУ-інде доцент.Кенже ұлы атаның Ғауез 1985 жылы орта мектепті бітіріп ауыл шаруашылығы институтына түсіп 1992 жылы ғалым аграном мамандығын иегерді.

Еңбек жолын  1992 жылы  Торғай облысына қарасты Октябрь ауданындағы  «Вильямс» атындағы совхозда бас аграном болып қызмет атқарған.1994 жылы Қостанай облысы ,Қостанай ауданына қарасты «Москва» совхозының бас агрономы болып тағайындалады.1996 жылы  Қарабалық ауданындағы «Боскөл» ауыл шаруалығы өндірістік кооперативіне директор болып орналасады. Ғауез аға 29 жасында «Таран» ауданының әкімі болып тағайындалады.2002 жылдан бастап 2008 жылға дейін Қарабалық ауданының әкімі болып қызмет атқарды.

2008 -2009 жылдарында Қостанай қаласының әкімі болды. Ғауез ағаның  зайыбы Гүлнәрда жоғарғы білімді ұстаз.Бүгінде 4 баланың анасы.Торсан атада келіні Гүлнәрға риза болып батасын беріп   отыратын. Бізге осындай ибалы да, инабатты,иман жүзді келін берген аллаға мың шүкір!-деседі екен. Торсан ата мен Үміт әжеміз аллаға сиынып тәубасымен шүкірін ауыздарынан тастамайтын қос қария.

«Міне менде 87 жаста тұрмын алла қартайған шағымда осы балаларымның амандығын тілеп отырмын деп сөзін аяқтайтын әжеміз.Қашанда сабыр иесі болған әжеміз немере-шөберелерінеде батасын беріп отыратын. Тілегініз қабыл болсын әже алламыз сізге байда қуатты кәрілікті нәсіп етсін деп қоштастық», – деп Атамыздың қайтпас сапарға кеткеніне 4-5 жыл болғанына Үміт әжеміз жиі есіне алып отырады.

Диана Доскеева

ҚӨУ студенті