Бүгін этноауылдағы дала сахнасында қостанайлық өнер шеберлерінің “Тамыры терең Торғай-Тобыл” атты гала-концерті өтті.
Өнер кешіне көрермен өте көп жиналды. Бейнелей айтсақ, иіін тірескен халықтан “жер қайысады”.Тіпті, звлға сыймағандар концертті тікесінен тік тұрып, тамашалады.
Арасында өз елдерінің туын жамылған шетелдіктер де жүр. Гала-концертте Тобыл өңірінде туып-өскен ақындар мен композиторлардың туындылары орындалды.
Жиналған қауым Е.Өмірзақов втындағы филармония әртістеріне, халықаралық байқаулардың лауреаты Анар Мұздаханованың, “Бро” триосына Шыңғысовтар мен Ражановтардың отбасылық дуэтіне, “Карнавал” , Костанайские зори” би ансамблдерінің өнеріне зор қошемет көрсетті. Түстен кейін
“Шаңырақ” ордасында ақындар айтысы басталды. Айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев пен Тоба Өтепбаевтар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының шайырларымен сөз қағыстырды. Ақындар халқымыздың салт-дәстүрін, әдет- ғұрпын, тұрмысы мен мәдениетін жырға қосты. Сөз додасы әлі біткен жоқ. Толығырақ соңыра жазамыз.
Әлібек ЫБЫРАЙ