“Тобыл толқыны” байқау-фестивалі өтті

“Тобыл толқыны” байқау-фестивалі өтті

Қостанайдағы “Мирас” мәдениет сарайында дәстүрлі “Тобыл толқыны” байқау-фестивалі дүркіреп өтті.

Тобыл-Торғай өңіріндегі музыка өнерінің майталмандары — Қалибек Деріпсалдин, Абай Әмірхамзин және Назымбек Молдахметов атындағы байқау биыл екінші рет ұйымдастырылды. Бұл додаға облыс көлеміндегі ең таңдаулы өнерпаздар мен ұжымдар қатысты. Ән әуелеп, күй күмбірлеген кеш өте әсерлі, тартысты өтті. Үміткерлердің қарым-қабілетіне, дайындық, шеберлік деңгейіне танымал мәдениет қайраткерлері бағалады. Айта кетейік, фестивальге Алматыдан ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор, дирижер Нүркен Әшіров және “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты, күйші Абылай Тілепбергенов, Атыраудан “Мен қазақпын” мега-жобасының жеңімпазы, күйші Жәнібек Жәмиев қонақ болып келіп, көрерменді өнерлерімен тәнті етті.

Жаңалықтармен бөлісу