«Қазақстан барысы-2024»: жеңіс Абай облысына бұйырды

«Қазақстан барысы-2024»: жеңіс Абай облысына бұйырды

Бүгін елордада «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтті.

Сегіз сағатқа созылған бозкілем бәсекесінде Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаев жеңімпаз атанды.

🏆Финалдық бәсеке белдесуге созылып, Ерасыл шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаровтан жеңісті жұлып алды.

📌Ерасыл Қажыбаев төртінші рет финалға шығып, алғаш рет жеңіс тұғырынан көрініп отыр.

Жарыстың қорытындысы бойынша:
🥇 Ерасыл Қажыбаев (Абай обл.) — 15 000 000;
🥈 Ерсұлтан Мазаппаров (Шымкент.қ) — 3 300 000;
🥉 Саят Шамшиев (Абай обл.) — 1 080 000 теңге сертификатын иеленді.

Айта кетейік, Қостанай облысынан қатысқан Аслан Сағитбек пен Нұрсұлтан Қабылан алғашқы қарсыластарына жол беріп, жарысты ерте аяқтады.