Тобыл төсін дүбірге бөлеген аламан айтыс мәресіне жетті.
От ауызды, орақ тілді ақындардың сөз-тартысы бұрынғы айтыстан бөлегірек болды, өте жоғары деңгейде өтті. Оған себеп – жиылған халық ақындарды тапжылмай, сілтідей тынып отырып тамашалады. Ойды орып, қырды қырған өңкей жүйріктер Қоныс ақынды мерейін асыра жырлады. Сонымен, соңғы айналымға Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Шұғайып Сезімхан, Рүстем Қайыртай, Әсем Ережеқызы, Нұржан Қоңырбай шықты. Бәрі де сөз сұлуын сұрыптап, ой маржанын теріп, көрермен көңілінен шығатын әдемі, кәделі жыр құрады. Рух көтерілді, қолтығын сөге шапқан жүйріктер шабысынан өлең-жыр бұрқырады… Айтыс қорытындысында 3-орынды (600 мың теңгеге) Рүстем Қайыртай мен ақтөбелік Нұржан Қоңыртаев бөлісті. 2-орын (800 теңгеге) Әсем Ережеқызы мен Шұғайып Сезімханға бұйырды. 1-орынға (2 млн) айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев ие болды.Сондай-ақ Салтанат Өтелбаеваға Кәмшат Дөненбаева атындағы сыйлық табыс етілді (300 мың теңге). Ал аламанның бас жүлде иегері — Мұхтар Ниязов! Толығырақ газеттің алдағы санынан оқисыздар.
Суреттерді түсірген — Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ