Ол Федоров аудандық №2 мектебінде оқыған. Сол кезден бері қазақ тілін жетік меңгерген.
Екінші сыныпта анасы оған мемлекеттік тілде оқуға кеңес берді. Өз кезегінде Саша келісті.
Мектеп жылдарында ол қазақ тілі мен әдебиеті бойынша облыстық және аудандық байқауларда жиі үздік атанып, бүкіл ауданға танымал болды.
Кейіпкеріміздің айтуынша ол бәрімен ортақ тіл таба алады.
Осылайша, мемлекеттік тілді білу оған пайдасын берді.
Александра әрбір полицей мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті деп санайды. Себебі қызметкерлер халықпен байланыста болады, сәйкесінше, күнделікті жұмыста тілді жиі қолданып жатады.
Тілді жақсы меңгеру үшін ол қазақ тілінде кітап оқып, ән тыңдауға және ана тілінде сөйлейтіндермен көбірек қарым-қатынас жасауға кеңес береді.
“Қызметкерлер үшін қазір тіл үйренуге барлық жағдай жасалған. Сабақтар мен тестілеу өткізіледі. Ғаламторда еркін қол жетімді, тілді үйренуге және пайдалануға болатын көптеген жақсы бейне оқулықтар мен мобильді қосымшалар бар. Бастысы, ниет болса жеткілікті”, – дейді Алнксандра Сорокина.
Айта кетейік, жас криминалист Қарағанды Академиясында оқудың үшінші курсында бірден төрт қабылдау нысанын меңгерген. Олар саусақ ізі, трасология, баллистика және суық қаруды зерттеу әдістері.
Астанада 4 маусымда ол Үздік түлек ретінде Президенттің қолынан алғашқы офицерлік погон алды. Ол барлық түлектердің атынан мемлекеттік тілде сөйлеу құрметіне ие болды.
“Мен үшін бұл күн ең бақытты және есте қаларлық күн болды”, – деп тебіренді Александра Сорокина.
Жас криминалист Александра Сорокина бүгінде Қостанай қаласы Полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде өз міндетіне кірісіп, қиын жұмыста жоғары мақсаттарға қол жеткізуге бел буды.