Тоғызыншы турда Қазақстан чемпионатындағы фавориттердің бірі саналған “Тобыл” турнир кестесіндегі соңғы орында келе жатқан “Шахтер” командасымен кездесіп, жеңіліп қалды.
Қарағандылықтар бірінші таймда есеп ашып, “Тобылдан” айласын асырып кетті. Бұрыштан тебілген допты колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс басымен қақпаға бағыттады.
Милич Чурчичтің командасы қарсыластарын қос қапталдан қанша қыспаққа алғанымен, “Шахтердің” қорғанысын бұза алмады.
“Тобылдың” негізгі қорғаушылары Миландинович пен Ндиайе бұл ойынға қатыса алмады. Алғашқысы “Ордабасымен” өткен матчта қығыз қағаз алса, Ндиайе алдыңғы турларда төрт рет сары қағазбен жазаланған, сондықтан олар осы жолы командаластарына көмектесе алмады. Бас бапкер жасыл алаңға Бақытжанов, Жұмаделов сынды жас ойыншыларды алмастырып шығарды. Алайда, олар ойын тағдырын еш өзгерте алған жоқ.