Тобыл қаласындағы жаңа орталықтың ашылғанына бес жыл толды Қостанай ауданы әкімдігінің ресми сайты

Тобыл қаласындағы жаңа орталықтың ашылғанына бес жыл толды

Кәсіп ашып немесе бар кәсібін кеңейтем деушілер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады. Бүгінгі таңда көптеген несие бағдарламалары бар. Сол арқылы кәсіптерін жандандырып жатқандары да қаншама. Ол бір жағынан кәсіпкерлер үшін үлкен көмек. Облыста кәсібін жаңа ашқандарға “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ орасан зор қолдау көрсетіп отыр.

Мәселен, Тобыл қаласында орналасқан “Медициналық оңалту орталығы” ЖШС. Орталық иесі Бақытгүл Өтебекова 2019 жылы оңалту мекемесін ашқан. Онда күндізгі және тәулік бойы стационарда ересектер мен балаларға оңалту қызметтері көрсетіледі. Оңалту орталығы міндетті медициналық сақтандыру қорымен тұрақты жұмыс істейді, сондықтан халыққа тегін қызмет көрсетуге мүмкіндік бар.

“Біздің мекемеде жаңа, заманауи жабдықтар бар. Сондай-ақ, еліміздің және шет елдік жетекші реабилитологтардан үнемі білім алатын білікті мамандар жұмыс істейді. Ем қабылдаушылардың ерекшелігін және оның физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып қалпына келтірудің жеке стратегиясы таңдалады. Орталықта реабилитолог, невропатолог, хирург, терапевт, дерматолог, УДЗ, физиотерапия, массаж жасаушы, физиотерапия, кинезо және механотерапия, фитнес жаттықытрушы, психолог, логопед мамандары қабылдайды. 2020 жылы қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру қорымен келісім-шартқа отырдық. Ол неврологиялық, ортопедиялық, кардиологиялық науқыстығы бар емделушілерге тегін ем қабылдауына мүмкіндік береді”, – дейді орталық директоры.

Екі жыл бұрын “Қазақстан Халқы банкі” АҚ арқылы “Ұлттық жоба” бағдарламасының бірінші бағыты аясында инвестиция үшін 19 млн теңгеден астам несие алған. Бағдарлама бойынша «Даму» қоры пайыздық мөлшерлемені субсидиялап, несие сомасының 85%-на кепілдік берді. Ол қаржыға жоғары технологиялық медицина жабдығын сатып алған. Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу