“Тобыл” көш бастады 

“Тобыл” көш бастады 

Қазақстан футбол лигасының жетінші турында Қостанайдың “Тобылы” Талдықорғанның “Жетісу” командасын қабылдады.

Сары жиделілер ойынға бірден лап қойды. Түрлі қателіктерге де бой алдырды. Кездесудің шамамен бесінші минутында қостанайлық команданың қақпасына қарай айып добы орындалды. Талдықорғандықтар ол айып добын тура қақпаға бағыттаған жоқ. Өзара доп алмасып, алға жылжуды жөн деп тапты. Олардың мүлт кеткен осал тұсын “Тобыл” сәтті пайдасына асырды. Ала допты іліп әкеткен Игорь Иванович орта тұстан Еркін Тапаловқа асырды. Ол бір ойыншыдан шет жағалап өтті, сол жақтан ашылған шабуылшы Годберг Куперге бағыттады. Италиялық ойыншы жетінші минутта есеп ашып үлгерді. Бұл жалғыз доп ойын тағдырын шешті.

Сөйтіп қостанайлық ұжым турнир кестесінің бірінші сатысына жайғасты.

Жаңалықтармен бөлісу