«Тобыл Арена» жаңаша кейіпке енді

«Тобыл Арена» жаңаша кейіпке енді

Қостанайдағы «Тобыл Арена» манежінің жасанды жабыны толықтай жаңартылып, бресми түрде пайдалануға берілді.

Бұл жұмыс Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан аясында атқарылды. Алаңның ашылу салтанатында облыстық жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Дәурен Жайтеков пен «Алаң» жобасы амбассадоры Дидар Сыдықбек жаңартылған нысанның лентасын қиды.

Бұл алаң өңір жастарын футболға баулуға, олардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Облыстық жасөспірімдер спорт мектебінің жетекшісі Дәурен Жайтеков айтулы жоба футболдың дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.

«Биыл бұл жердің жасанды жабыны Қазақстан футбол федерациясының «Алаң» жобасы арқылы қолға алынған болатын. Аталған қадам өңірдегі футболдың дамуына жол ашады. Облыстық, республикалық турнирлерді өткізуге қолайлы болды. Сол үшін біздің федерацияға алғысымыз шексіз», – деді ол.

blankАл «Алаң» жобасының амбассадоры Дидар Сыдықбек бұл игі істің артында үлкен мақсат бар екенін жеткізді.

blank

«Бүгін «Тобыл Арена» стадионы қайта жаңартудан өтті. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, қазіргі таңда футболға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мұндай сапалы алаңдар – балалар мен жасөспірімдердің шеберлігін дамыту үшін қажет. Осы жұмыстардың арқасында жақын болашақта Еуро бәсекелерде бақ сынаймыз деп сенемін», – деді Дидар Сыдықбек.

Кезінде «Тобыл» футбол клубын жаттықтырған спорт ардагері Сергей Масленов та жаңа алаңның сапасын жоғары бағалады.

blank

 

 

«Бұған дейін жасөспірімдер лигасының бірнеше ойыны осы жерде өтіп үлгерді. Алаң сапасы бұрынғыдан анағұрлым жақсы. Жүгіргенде өзіңді жеңіл сезінесің. Доп та жақсы қозғалады. Бапкерлер қауымы осы үшін алғыс айтып жатыр», – дейді ол.

blank blank blank blank

«Тобыл» футбол клубының матч менеджері Марат Күзембаевтың айтуынша, мұндай жобалар жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосады.

blank

«Қазақстан футбол федерациясы УЕФА-ның қолдауымен «Алаң» жобасын жүзеге асырып келеді. 2023 жылдан бастап еліміздің түкпір-түкпірінде жасанды алаңдар жаңартылып жатыр. Биыл кезек Тобыл-Торғай өңіріне де келіп жетті. Бұл алаң УЕФА талаптарына толық сай. Кәсіпқой футболшылар мен балалардың өзі оның жоғары деңгейін бағалап отыр. Осы жерде күнделікті шынығып жүрген жасөспірімдердің арасынан болашақ футбол жұлдызы шығатынына сенімдімін», – дейді ол.

Бүгінгі күнді Қостанай жұртшылығы тарихи сәт ретінде қабылдап отыр. Жаңартылған «Тобыл Арена» – тек спорт нысаны емес, жастардың арманына жол ашатын маңызды алаң.

Айбек ЖҮЗБАЙ