Қостанайдың “Тобылы” футболдан УЕФА-ның Конференция Лигасының плей-офф кезеңінде Чехияның “Виктория” Пльзень командасымен алғашқы ойынын өткізді. Ойын алма-кезек шабуылдарға ұласты. Алғашқы таймда екі команда тең дәрежеде ойын көрсетті. Екі таймның алпысыншы минутына кейін қонақтар толассыз шабуылдарға иек артты. Ойынның жетпісінші минутында есеп ашты. Томаш Хорыйдың әуелете берген добын Каду басымен голға айналдырды. Тоқсаныншы минутта Лукаш Калвах есепті еселеді. Алаң иелерінің бұрыштама орындау сәтінде айып алаңында қонақтардың қорғаушысының қолына доп тиіп, он бір метрлік айып добы белгіленді. Осылайша Сердж Дебле есеп айырмасын 1:2-ге дейін қысқартты. Енді қарымта ойынды “Тобыл” 31 тамызда сырт алаңда өткізеді.