Газ тарату желілеріне қосылуға немесе газ көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды (ТШ) алу тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Енді ТШ алуға өтініштерді қабылдау және олардың нәтижесін беру тек электрондық форматта жүзеге асырылады.

Өтініш беру жолдары:
• eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн;
• «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Қостанай өндірістік филиалының абоненттік бөлімдерінде (ЭЦҚ кілті болған жағдайда).
⚠️ Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қағаз түрінде (келіп тапсыру арқылы) өтініштер қабылданбайды.
Қосымша ақпарат алу үшін: 54-06-07 (ішкі нөмірі 4395).
