Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, «Қостанай таңы» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2026 жылы «Қостанай таңы» газетінде үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын беру құны, сондай-ақ оны ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Газет бетінде жариялау шарты:
- Ақ-қара түсті газет бетіндегі материалдың (1рет) әр шаршы сантиметріне 230 теңге;
- Түрлі-түсті газетте (1 рет) 1 шаршы сантиметр үшін 270 теңге;
- Газетте жарияланған материалды (1 рет) сайтта қайталау – 5000 теңге;
- 280х200 рх көлемді баннерді (статикалық) сайттың барлық беттерінде орналастыру (сайттың оң жағы) – күніне 1000 теңге;
- 200х200 рх көлемді баннерді орналастыру (сайттың оң жағы) – күніне 800 теңге;
- Мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аударғаны үшін бір бетке (пішімі – А4) 2000 теңге;
- Газетте жарияланбаған материалды сайтта жариялау – 25 000 теңге (тапсырыс берушінің суреті 2 данаға дейін)
«Қостанай таңы» газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кандидатпен немесе кандидаттың уәкілетті өкілімен жазбаша жасалған шарт негізінде «Қостанай таңы» газетінде баспа бетін ұсынады.
Үгіт материалдарын газетке орналастырудың саны мен болжамды күні кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта тіркеледі.
Үгіт материалдары газет шығатын күннен кемінде 3 (үш) күн бұрын жіберілуі тиіс. Үгіт материалдарының орналасуы JPG, COREL, PDF пішімі, ал мақала, хабарландырулар WORD форматы талаптарына сай болуы тиіс. Егер материалдар “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Заңның талаптарына сәйкес келмесе, газет үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. «Қостанай таңы» газетінде үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша ақы төлеу шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем төлеуге ұсынылған шот негізінде жүзеге асырылады.
Газет жазбаша өтініштерді демалыс және мереке күндерін қоспағанда Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 90 мекенжайы бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге (Астана уақытымен) дейін қабылдайды. Үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін. Е-Мail: 549988@mail.ru
