25.07.2025
Тазалық – тек жинаған жерде емес: полицейлер қостанайлықтардың реакциясын тексерді

Тазалық – тек жинаған жерде емес: полицейлер қостанайлықтардың реакциясын тексерді

Қостанайда полиция қызметкерлері әлеуметтік эксперимент жүргізді: халық көп жүретін жерлерде әдейі қоқыс тастап, тұрғындардың әрекетін бақылады.

Реакция әртүрлі болды. Кейбіреулер мән берместен өтіп кетсе, көпшілігі бейжай қалмады – ескерту жасап, қоқысты арнайы орынға тастауды сұрады.

Эксперимент қостанайлықтардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары деңгейде екенін көрсетті. Қала тұрғындары тәртіпті тек өздері сақтап қана қоймай, басқаларға да ескерту жасауға дайын.

«Қаланың тазалығы – өз қолымызда. Бұл сөз тек тікелей мағынасында ғана емес», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.