«Тазалық эстафетасы: Қостанай кәсіподақтары – қоқыссыз болашақ үшін»

«Тазалық эстафетасы: Қостанай кәсіподақтары – қоқыссыз болашақ үшін»

Облыстық Кәсіподақтар орталығы Қазақстан кәсіподақтар федерациясының бастамасымен өткен «Таза Қазақстан – болашақ үшін» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысты.

Бұл игі шара еліміздегі кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, бұл жексенбіде атап өтілетін Еңбек күнімен де тұспа-тұс келіп, түрлі кәсіп пен буын өкілдерін біріктіретін мерекенің мәнін арттыра түсті.

blank blank blank Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру.

blank

Облыстық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бұл бастама тек қаланы тазартуға емес, сонымен қатар кәсіподақ қозғалысының адам мен табиғатқа деген қамқорлық дәстүрін жалғастыруға бағытталғанын атап өтті.

blank blank Сенбі күні өткен сенбілікке 50-ге жуық адам – кәсіподақ мүшелері мен жастар қатысты. Олар саябақ аумағын қоқыстан тазартып, жасыл аймақты ретке келтіріп, қоршаған ортаға үлес қосты.

Игі бастама ел болашағына деген жауапкершілік пен табиғатқа деген жанашырлықты дәріптейді.