30 мая, 2025
Тазалық акциясы аясында концерт ұйымдастырылды

Тазалық акциясы аясында концерт ұйымдастырылды

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологияны сақтау.

Қазақстан аумағында жүргізіліп жатқан бұл бастама жұртшылықтың назарын экология мен табиғат проблемаларына, сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығына аударуға арналған.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қостанай қаласының орталығында Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филаромниясы өнерпаздарының қатысуымен концерті өтті.