Тасқыннан келер зиян көп: мамандар не дейді?

Тасқыннан келер зиян көп: мамандар не дейді?

“Су – тіршілік көзі” дейміз. Алайда дәл осы тіршілік көзінің қазіргі таңда қазақ халқына көрсетіп жатқан қиындығы жетерлік.

Әрине, табиғи апат айтып келмейді. Дегенмен, бұл қиындықтың боларын білсе, қарапайым халық тұрғылықты жерін, қыруар мал-жандарын, өмір бойы тірнектеп жинаған дүниелерін қорғап қалуға тырысар ме еді… Көктемгі су ауа райына қарай құбылмалы болып келеді. Күн жылына түскен сайын қар еріп, арналар тола бастайды. Осы жылы тіркелген су апаты соңғы 80 жылда болмаған екен. Сондықтан сақтық шаралары да уақытылы жүргізіліп үлгермей қалды деседі жұрт. Осы жерде алаңдататыны, су тасқыны аяқталған соң жер бетіндегі инфекцияның көбейе түсу қаупі. Ағын су қоймаларға барып, суды ластайды. Ал адамдар сол суды ішіп, күнделікті өмірге пайдаланады. Эпидемиолог мамандар көктем мезгілінде тек қайнатылған немесе фильтрден өткен суды пайдалануға кеңес береді.

 

 

Аякөз Досымханова

ҚазҰУ 3-курс студенті

Жаңалықтармен бөлісу