Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілді

Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілді

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Арқалық қаласына қарасты «Қызылжұлдыз» және «Екідің» ауылдарының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек қолын созуды жалғастырып жатыр.

Мемлекет басшысы халқымыз үшін басты құндылықтардың бірі – бірлік пен өзара көмек екенін үнемі тілге тиек етеді. Бұл ретте институттың «Педагогика және филология» факультетіне қарасты барлық білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен профессор-оқытушылар құрамы игі іске мұрындық болып отыр.

Институт ұжымы су тасқынынан жапа шеккен түрлі жас мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне рухани қолдау көрсетіп, оларды оқу ордасының қабырғасында ізгі ниетпен қарсы алды.

Іс-шара барысында қонақтар оқу дәрісханаларымен, ғылыми орталықтармен, экскурсоводтардың сүйемелдеуімен Ы.Алтынсариннің ғылыми-педагогикалық музейімен және «Жаратылыстану табиғи-тарихи» музейлерімен танысты.

Сонымен қатар, «Инклюзивті білім беру» орталығының жұмыс барысына куә болып, «Диагностика және кеңес беру» орталығының ғылыми қызметкері Гүлдана Сарсенбайқызының арнайы тренингінен өтті.

«Табиғи апаттың қарқыны елімізді есеңгіретіп қойғаны рас. Десе де, өңір-өңірде төтенше штаттар құрылып, дер кезінде көмекке жұмылдырылды. Бірі гуманитарлық қолдау көрсетсе, енді бірі қаржылай сүйемелдеді. Ал, біз қарғын судың құрсауында қалған тұрғындарға рухани және психологиялық көмек беруге ұмтылудамыз. Бізсіздердітыңдауға, моральдықтұрғыдадемеушілікетугеәркездайынбыз», -дедіфакультет деканы АйбекҚалиев институт қабырғасынан рухани нәр алуға келген барша ауыл тұрғындарына халқымыздың қастерлі қонақжай пейілін танытып.

Ізгілікті істер одан әрі жалғасын таба беретін болады.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                                      Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу