Институттың «Педагогика және филология» факультетінің деканы Айбек Қалиевтің басшылығымен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен әлеуметтік-психологиялық қызмет орталығының психолог – мамандары институт тарапынан психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қиын жағдайға қалған қалаға қарасты ауыл-аймақтың тұрғындарымен институт ұжымы жеке-дара танысып, ашық тілдесті.
Тұрғындар сұхбаттасу барысында үйлерін су басып қалғанын, өздеріне тиесілі мүліктерінің жарамсыз болғандығын, мектеп жасындағы балаларының қала мектебінде уақытша оқуын жалғастырып жатқандығын және өзге де мәселелері турасында тілге тиек етті.
Эвакопунктке шоғырланған бірнеше отбасы мүшелеріне моральдық қолдау көрсеткен «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі Татьяна Қаратаева бастаған бір топ мамандар кешенді психологиялық қолдау шараларын жүргізді.
Нәтижесінде, эвакуацияланған тұрғындар педагогика және психология, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог – психолог білім беру бағдарлары тарапынан институтқа шақырту алып, әлеуметтік-психологиялық орталығының қызметін алуға бағытталған ұсыныстыризашылықпен қабылдады.
М.БЕКЕТ
Арқалық қаласы