Тасқын қаупі солтүстік өңірлерге төніп тұр

Тасқын қаупі солтүстік өңірлерге төніп тұр

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым баяндады.

Жітіқара, Қамысты, Денисов, Әулиекөл, Қарасу аудандарының тұрғындарын мейлінше сақ болуға шақырды.

“Қазіргі ең қызу жұмыс Жанкелдин ауданында жүріп жатыр. Арқалық пен Аманкелдіде суда қалған елді мекендерді қалпына келтіріп, қалған судың бағытын өзгерту жұмыстары жалғасып жатыр. Назарымыз, мейлінше, Жанкелдин ауданында”, – деді департамент басшысы.

Су астында қалған Тәуіш пен қауіп көзі әлі де сақталып тұрған Қызбел ауылында жағдай нақтыланып жатыр. Ол жақтағы энергетиктер мен байланыс қызметкерлері мүмкіндігінше желілерді қалпына келтіруге кірісіп кеткен. Осы аумақта күні бүгінге дейін 1300 – ден астам адам құтқарылған. 1500 – дей адам эвакуациялау шарасына қарсы болыпты. 16 мыңнан астам қап төселіп, қатерді жоюға 1700 адам қатысып отыр. Бой бермеген тасқынның әлегінен құтқаруға Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан арнайы жасақ шақырылды.

Жаңалықтармен бөлісу