Тамыз кеңесінде білім беру жүйесіндегі цифрлық инновация  мәселесі қозғалды

Тамыз кеңесінде білім беру жүйесіндегі цифрлық инновация мәселесі қозғалды

Қазіргі әлемдегі цифрлық инновация педагогикалық тәжірибені тарату жолында оқушылар мен мұғалімдердің бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Дәстүрлі тамыз кеңесі облыстың барлық педагогиктарының алдына осындай жаңа міндеттер қоюымен ерекшеленді.
Облысымызда бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали баяндап берді.

 

“Қазақстан жастары – стратегиялық құндылық пен қоғамымыздың болашақ қозғаушы күші. Мемлекет оқушылар мен студенттерді қолдау, олардың әлеуетін іске асыру үшін үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту қолға алынды. Осы мақсатқа биыл біз 1,8 млрд теңге бөлдік. Ол қаржыға физика, химия, биология, STEM зертханаларының жаңа модификация кабинеттері, робототехника кабинеттері сатып алынады”, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Білім беру саласының бюджеті соңғы 3 жылда 53% – ға өсіп, 196,3 млрд теңгені құрап отыр. Осы жылы облыста 4 380 орындық жаңа білім ордаларын ашу жоспарда бар. Атап айтқанда, Қостанай ауданы Заречный ауылында 900 орындық, Арқалық қаласында 300 орындық, Қостанай қаласы Әуежай шағын ауданында 900 орындық және Береке шағын ауданында 1200 орындық Ұлттық жоба шеңберіндегі жайлы мектептер пайдалануға беріледі. Оған Қостанай ауданы Еңбек ауылындағы 100 орындық, Береке 980 орындық мектептерді қосыңыз.

Бүгінде келешектегі білім беру мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраева білім арқылы инфрақұрылымды дамытып, бизнес пен қоғам арасында серіктестік құру маңызды екенін алға тартты. Сонда ғана технологияларға қолжетімділік арта түспек. Ол әрине, үкіметтің қаржылық қолдауының арқасында жүзеге асары сөзсіз.

“Бүгінгі біздің кеңестегі ұстанымдарымыз бен мүмкіндіктеріміз бір жерден шығып отыр. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында жасанды интеллектің даму перспективаларын көру үшін ақпараттық тұрғыда насихат қажет. Білім беру саласында іргетасы қаланбайынша, оның дамуы мүмкін емес”, – деді басқарма басшысы.

Ол жұмыстарды мектепке дейінгі білім беруден бастап құру қажет. Мәселен, облыста қазіргі уақытта 23 мың бала балабақшаға барады. Оларға 177 мектепке дейінгі мекеме қызмет көрсетеді, оның 62-сі жеке меншік. Ондағы бала саны бес мыңнан асып жығылады. Оған жұмыс істеп жатқан 335 шағын орталықты қосыңыз. Бұл көрсеткіш әлі де орын тапшылығының бар екендігін білдіреді.

“Орын тапшылығы мәселесі алдағы уақытта шешімін табады деп отырмыз. Биыл облыс бюджеті есебінен Қостанайда 560 орындық екі бірдей балабақшаның («Юбилейный» 280 орын және «Әуежай» 280 орын) құрылысы аяқталады”, – деді Айман Ибраева.

Рудный қаласында жыл соңына дейін жеке инвесторлардың есебінен 200 орындық балабақша пайдалануға берілмек. 1 қыркүйектен бастап Әулиекөл ауданында «Халық» қорының қаражаты есебінен 280 орынға арналған балабақша, Арқалық қаласында бюджет есебінен 140 орынға балабақша, Қостанай ауданында 100 орынға жекеменшік балабақша есігін айқара ашқалы тұр.
Астанадан келген ғалымдар жасанды интеллект жайында ғылыми жұмыстарымен бөлісті. Спикерлер жасанды интеллектті дамыту, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорындардағы заманауи инновациялық жобалар, цифрлық ресурстармен жұмыс істеу мүмкіндіктері жөнінде маңызды тақырыптар мен проблемалық мәселелерді көтерді. Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Нұрсұлтан Нұрлан және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі Дархан Мырзабаев еліміздегі және білім беру саласындағы IT – технологияларды дамыту туралы өз көзқарастарын айтты.


Nazarbayev University қызметкері Төлеген Ахметов, Astana Hub қызметкері Борис Жилинский, «Зерделі ақыл-ой» білім беру орталықтары мен мектептер желісінің басшысы Ырысбек Мәуіт және Bilimustaz жобасының басшысы Татьяна Сарсенова қызықты баяндамаларын жасады.


Тамыз кеңесі дәстүрлі түрде педагогтарды марапаттаумен жалғасты.

«Ы. Алтынсарин» төсбелгісі 6 педагогке табысталды, төртеуі «Еңбек ардагері» медалімен, 5 педагог «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Солардың бірі аманкелділік Гүлжан Махатова “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төлбелгісін иеленді.

“Отыз бес жыл бастауыш сыныпта мұғаліммін. Бүгін сол еңбегім ескеріліп, құрметке бөленіп отырмын. Педагог әрдайым ізденісте жүргені абзал. Биылғы тамыз конфренциясында жақсы тақырып қозғалды. Жүйеге жаңа технологияны енгізу білім беру жұмысын біршама жеңілдетеді, – дейді Аманкелді ауданы Б.Қолдасбаев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлжан Махатова.

Арқалық политехникалық колледжі материалдықтехникалық базаны жақсартқан үздік  оқу орны атанды. Қарасу ауданындағы Нұрсәби балабақшасы “Креативті мүмкіндіктер балабақшасы” номинациясын жеңіп алды.

 

Директоры Гүлсара Ержановаға  1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Жеке әлеуетті дамыту мектебі номинациясын Рудный қаласындағы №7 мектеп-гимназиясы ұтып алды.

Аталған ұжым  1 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды. Қостанай ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі Экология мектебіноминациясын иеленді. 1 миллион теңге сомасында сертификат берілді.

Б. Майлин аудандық  білім бөлімнің басшысы  Айгүл Алимбаеваға ауыл мектебіне цифрландыруды үздік жеделдету номинациясы табысталды.

“Ауданның үздік білім беру жүйесі номинациясы мен 2 миллион 200 мың теңгенің сертификатын Қостанай ауданының білім бөлімі алды.

“Қаланның үздік білімім беру жүйесі сертификаты номинациясы Лисаков қаласының білім бөліміне бұйырды.

Аталмыш ұжым 2 млн 500 мың теңгенің сертификатын алды.  Рудный қаласының білім бөлімінің 17 жалпы білім беретін мектебі Орта білім берудің үздік ұйымы номинациясын иеленді.

Директоры Гүлнара Кашибулина Асанқызына 68 миллион теңгенің сертификаты ұсынылды.

 

Айбек ЖҮЗБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу