Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етеді, оны басқа елді мекенге жеткізуді бұйырады. Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, олардың назарын аудару үшін әдейі соқтығысады.
Осы сәтті пайдаланып, күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады.
Ведомство қақтығыс нәтижесінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті.
“Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Тонауға оқталу” қылмыстық іс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді”, – делінген хаттамада.