Тәукенов Әулиекөлге қайта барды

Тәукенов Әулиекөлге қайта барды

Жансұлтан Қоңыртайұлы Тәукенов Әулиекөл ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Ол 2016-2018 жылдар аралығында аталған ауданда әкім қызметін атқарған.

Жансұлтан Қоңыртайұлы Тәукенов 1975 жылы Қостанай облысы Аманкелді ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1994 жылы Торғай облысында салық инспекторы болып бастаған. Осы салада түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2004 жылдан 2016 жылға дейін Аманкелді ауданы әкімінің орынбасары және аудан әкімі болып қызмет еткен.
2018-2020 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болды.
2020 жылдан осы уақытқа дейін Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарған.

Жаңалықтармен бөлісу