Тәуіш ауылының өнерпаз жастары – Торғайдағы JAIDARMAN ойындарының жеңімпазы

Тәуіш ауылының өнерпаз жастары – Торғайдағы JAIDARMAN ойындарының жеңімпазы

Сайыс қортындысы бойынша «ҚАРАТҮБЕК ҚЫРАНДАРЫ» үздік шығып, 50 мың  теңге ақшалай сыйақы иеленді. Торғай селосының «SHOKAN UNITED»  командасына 20 мың теңге, «ИВАНОВ PRODUCTION» ұжымы 30 мың теңге берілді.

blankСәуле Бектемірқызы«Үздік жетекші»  аталымын жеңіп алды.

blankАзамат Қасымұлы «Үздік ойыншы»  деп танылды.

blankОсылайша, Жангелдин аудандық  «Жалын» жастар ұйымының аймақтық «USTAZ CUP» жайдарман ойыны қалың көпшілікке жол тартты. Ол ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде ұйымдастырылғанын айта кетейік.

blank blank blank blank blank Жастарға арналған қазақ тіліндегі әзіл сайысы, тапқырлық пен суырыпсалмалыққа негізделген сахналық ойын екені белгілі. Ол командалық түрде өтетін еліміздегі ең танымал көңілді жобалардың бірі. Жайдарманның бейнесі – жастардың ой-өрісі мен шығармашылығын әзіл арқылы таныту, қоғамдағы мәселелерге күлкімен баға беру.

blank     blank

«Отыз жылға жуық тарихымен талай жастарды биік шыңдарда көрсетіп жүрген бұл платформаның орны ерекше. Астары бар әзіл, саясаттың қыр-сырын күлкі арқылы жеткізу, әрбір адамның қолынан келе бермейді. Осындай талантты жастардың қоғамға үлестерін қосып және жалпы жастар саясатындағы қозғалысты дамытып, еліміздің рухани байлығын кеңейтіп жүргені кәміл. Ойын айтарлықтай жақсы деңгейде, көпшіліктің қызығушылығын тудыратындай сипатта көрініс берді. Жайдарман ойынын қолдағаны үшін Жангелдин ауданының білім бөліміне алғысымызды білдіреміз», – дейді жаңашыл жайдарман ойынын ұйымдастырушылар.

Ойынға «Мірдің оғы» әзіл-сықақ театрының жетекшісі, әзіл абаданы Шыңғыс Рахымжанұлы, жеке кәсіпкер Арайлым Талапқызы, Қазақстан КВН Одағы» «Қостанай-Жайдарман» өкілдігінің бас редактары, айтыскер ақын, ардагер жайдарманшы  Бақытжан Абайұлы сынды өнер жанашырлары қазылық жасады.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Жангелдин ауданы