Рудный қаласындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Лариса Трушель «Үздік дене шынықтыру педагогы – 2025» республикалық байқауында бірінші орынға ие болды.
Щучинск қаласындағы Балдәурен оқу-сауықтыру орталығында 18–21 қараша аралығында өткен «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2025» республикалық байқауы осылайша өз мәресіне жетті.
Еліміздің әр өңірінен келген үздік мұғалімдер білім, білік, тәжірибе мен шеберліктерін сынға салып, үш кезең бойынша бақ сынады.
Байқау қортындысы бойынша 2 — орынды Ақтөбе облысынанНағашыбай Әкімбаев пен жетісулық Алексей Волчков алса, 3 – орындар Ақмола облысынан қатысқан Амангелді Өтегенов пен павлодарлық Олжас Кәкімжановқа бұйырған.
Жеңімпаздар Қазақстандық оқу-ағарту, білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы атынан ақшалай сыйақымен марапатталды. 1 — орынға 300 000, 2 — орынға 200 000,
3 — орынға 150 000 теңге берілген.
