Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында ашылған жаңа спорт нысаны «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқорлығымен ел игілігіне беріліп отыр.
Ауыл тұрғындарын ұлан-асыр қуанышқа кенелткен заманауи спорт кешенінің салтанатты ашылуына қоғамдық қордың басқарма төрағасы Ләззат Алтынбекқызы мен облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы арайы қатысты.

«Біз су тасқыны кезінде де елге жәрдемдесіп, ауылда жаңа баспаналардың тұрғызылуына көмек қолын созған едік. Сол шақта тұрғындар тарапынан ауылға спорт нысанының қажет екені айтылған-тын. Халыққа уәдемізді беріп, сол аманаттың орындалғанына өзіміз де зор қуаныгтымыз. Бұл игі істердің барлығы Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Президент елді дамыту үшін ауыл мен қаланың арасында алшақтық болмау керек екенін үнемі назарға алып отырады», – деді Ләззат Алтынбекқызы.
Тұрғындар ризашылығын білдіріп, ақсақалдар батасын берді. Ұлттық салт-дәстүрімізге сай шашу шашылып, әсем ән-күйдің тиегі ағытылып, кейін жаңа нысан ішінде жаттығулар басталып кетті.
Қадірлі қонақтар сондай-ақ ауылдағы биыл жүз жылдығын атап өтіп жатқан Қаратүбек ЖББМ-нің тыныс-тіршілігімен де етене танысты.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
