Полиция қызметкерлері Республика күніне орай “Republic day”челленджін ұйымдастырды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.
Оған Қостанайдың ірі сауда орталығында Қазақстан Республикасының әнұранын шырқаған 30 полиция қызметкері қатысқан.
Іс-шараға облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қосылып, тәртіп сақшыларымен бірге әнұран орындады.
Челленджге қатысушылардың көпшілігі әрқайсымыз үшін Республика күні мерекесінің маңыздылығын атап өтті. Ол бірлік пен ауызбіршілікті бейнелейді. Соның арқасында біздің еліміз болашаққа, Жаңа Қазақстанға сенімді қадам жасайды.