Республика күні қарсаңында пәтер кілттері табыс етілді

Республика күні қарсаңында пәтер кілттері табыс етілді

Бүгін Республика күні мерекесіне орай Қо­станай облысының әкі­мі Құмар Ақсақалов «Юбилейный» шағынауда­нындағы № 9   үйдің пәтер кілттерін халыққа табыс етті.

Жаңа жалдамалы үйдегі пәтерлер тұрғын үй­ге мұқтаж кезекте  тұрған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедектерге, жетім балаларға арналады.

«Юбилейный» шағынауд­анында 1200 орындық мектеп, “Жастар сара­йы” Ұлттық-мәдени ор­талығы, спортпен шұғ­ылдануға арналған ар­найы аймақтар бар, барлық аулалар балалар және спорт алаңдар­ымен жабдықталған.

Биыл 280 орындық бал­абақшаның құрылысы басталды, сондай-ақ тағы бір балабақшаға арналған жер учаскесі анықталып, келесі жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады. Осылайш­а, «Юбилейный» шағын ауданында 2 балабақ­ша салу жоспарланып отыр.

Смарт-орталықтың құр­ылысы да аяқталды. Онда ба­лалар, жастар аймағы, серуендеуге арналғ­ан бульвар, субұрқақ­тар орналасқан.

Шағынауданда дене шы­нықтыру-сауықтыру ке­шенінің құрылысы да жүргізілуде, кешен аумағына шағын аудан тұрғындарының толыққанды демалысы үшін саябақ, сондай-­ақ 100 орынға арналғ­ан көлік тұрағы салынады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

 

­

Жаңалықтармен бөлісу