7 июня, 2025
Жанкелдин ауданының Сужарған ауылына су тартылып, көше жөнделді

Жанкелдин ауданының Сужарған ауылына су тартылып, көше жөнделді

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау – Президент реформаларының бірі. Біздің өңірде де ауылдық округ әкімдерінің сайлауы қарқынды түрде жүргізілді. 2021 жылдан бері ауылдық, кенттік округтер және ауданға бағынышты қалалар әкімдерін жергілікті тұрғындарының тікелей дауыс беруімен 4 жыл мерзімге сайланды.

Бұл саяси қадам Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында сөйлеген сөзінен кейін қолға алынды. Тікелей сайлау арқылы сайланған әкімдер жауапкершілік жүгін жақсы түсінді ме?

Жанкелдин ауданы Сужарған ауылының әкімі Берік Әубәкіров 2021 жылы ауыл әкімдігіне сайлауға түсіп, өз бағдарламасын ұсынған болатын. Ол еңбек жолын шопан көмекшісі болып бастаған. Кейін мектепте мұғалім, одан әрі директорлыққа көтерілді. Кейін алты жыл Жаркөл ауылының әкімі, одан кейін төрт жыл қатарынан Сужарған ауылын басқарды. Ауыл әкімдерін сайқлаған шақта сайлауға түсіп, алдағы төрт жылда атқарылар істердің тізімін тізбекбектеді. Сол төрт жыл да өте шықты. Ауыл әкімінің атқарамын деп үйіп-төгіп берген уәдесі орындалды ма?

Жалпы, ауылды абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымдарды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлінді. Сужарған ауылында ауыз су, білім беру нысандарының жаңартылуы, көше жарықтандыруы және спорт алаңы сияқты маңызды жобалар қолға алынды. Бұл жобалардың көпшілігі тек жергілікті бюджетпен ғана емес, республикалық және облыстық деңгейден бөлінген қаржымен жүзеге асырылған.

«Әрине, қазақ халқы «әкім бол – халқыңа жақын бол» деп бекерден айтапаса керек. Мен де өз қызметіме кіріскен күннен бастап, ауылға қажетті дүниелерді жасауға тырыстық. Алдымен ауыл тұрғындарының өтініші бойынша ауыз судың мәселесін шештік. Оған облыстық және республикалық бюджеттен 451 095 миллион теңге қаржы бөлініп, сол жылы қаржы толық игеріліп желтоқсан айында қолданысқа берілді. Бұл біздің ауыл үшін зор қуаныш, себебі, ауыз су мәселесі кез келген ауыл үшін маңызды. Оның сыртында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойыншы мектепке спорт зал мен асхана салуға ұлттық қордан 624.506 миллион теңге қаражат бөлініп, былтырғы жылдың аяғында аяқталып, пайдалануға берілді. Ауыл көшелерінің 2023-24 жылдары аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, шамдар қойылды. Өз бағдарламамда көрсетілгендей, жазғы спорт алаңын орнатуға аудандық бюджеттен 10 миллион қаражат бөлініп шағын спорт алаңы салынды. Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін білемін. Сондықтан көп бастамаға қосымша қаржыланыру көздерін іздеп, демеушілер арқылы көп істі тындырдық десе де болады. Былтыр 8 миллион теңгеге Ғабдыкен Мананов көшесіне еврошарбақ орнатылды, – дейді ауыл әкімі Берік Әубәкіров.

Ауыл әкімінің сайлауына түсерді ауылда мал шаруашылығын және жеке кәсіпкерлікті дамытға, абаттандыруға, туған жер перзенттерінің басын қосып, демеушілікке тартуға бар күшіміді саламын деген еді. Сол айтылған істер жүзеге асты. Биыл да атқарылар істер аз емес.

Сужарған ауылында алдағы уақытта да көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл ауылды дамытуға деген үміт пен сенімнің нығайғанын, әкімнің халыққа жақын екенін көрсетеді. Тікелей сайлау жүйесі арқылы өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын әкімдер халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жанкелдин ауданы