Су тасқынынан кейін: Жанкелдин ауданында 41 үй  салынып жатыр

Су тасқынынан кейін: Жанкелдин ауданында 41 үй салынып жатыр

Жанкелдин ауданы Тәуіш аулының жеті бала тәрбиелеп отырған көп балалы Салауатовтар отбасы шілде айында жаңа үйде қоныс тойын тойламақ. Бүгінде су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 21 үйдің қабырғасы мен шатыры дайын.

Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Құрылысшылар тұрғын үйді уақытында тапсыруға тырысуда.

«Күйеуім екеуміз күн сайын құрылыс алаңына келіп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, көңілімізге қуаныш ұялайды. Жаңа үйге қоныстанатын күндерді асыға күтудеміз. Осы үйде жақсылыққа толы күндерді бастан кешетініміз сөзсіз. Барлық туыстарымыз бен достарымызды қоныс тойына шақырамыз», – дейді көп балалы ана Анар Салауатова.

Анар Салауатова мемлекеттік органдардың көмегінсіз қиындықтарды жеңе алмайтынын мойындайды.

«Басымызға түскен қиын-қыстау күндері жалғыз қалдырмай, қол ұшын созған, қамқорлық танытқан Президентімізге облыс, аудан басшылығы мен құрылысшыларға рахмет», – дейді ерлі-зайыпты Салауатовтар.

Тұрғын үй құрылысынан басқа, қалпына келтіру жұмыстары аясында су тасқынынан бүлінген жолдар мен көпірлер де жөнделуде. Елді мекендердің инфрақұрылымы, оның ішінде электр және сумен жабдықтау жүйелері қалпына келтіріліп жатыр. Аумақты абаттандыруға да көмек көрсетілуде.

Жанкелдин ауданында үйлері қираған тұрғындар үшін 41 үй салынбақ. Олар жергілікті атқарушы органдар ұсынған типтік жоба бойынша «Қазақстан халқына» қорының қаржы ресурстары есебінен тұрғызылады.

Жаңалықтармен бөлісу