Су тасқынынан кейін мал еті қымбаттай ма? – вице-министр жауап берді

Су тасқынынан кейін мал еті қымбаттай ма? – вице-министр жауап берді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин еліміздегі тасқын салдарынан ет пен малдың бағасы өсу-өспеуіне байланысты пікір айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан соң министрдің орынбасарына “Тасқынның салдары ет пен малдың бағасына әсер ете ме?” деген сұрақ қойылды.

Аманғали Бердалин табиғи апат нарықтағы бағаға әсер етпейтінін жеткізді.

“Жоқ, Қазақстанда 9 млн-ға жуық ірі қара, 27 млн-ға жуық қой, 4 млн-ға жуық жылқы бар. (Тасқыннан қырылған) 12 мың бас жалпы малдың 1% да болмайды. Сондықтан нарыққа ешқандай әсері болмайды”, – деді вице-министр.

Сурет egemen.kz сайтынан алынды

Жаңалықтармен бөлісу