Студенттер жол саласындағы мамандардың жұмысымен жақын танысты

Студенттер жол саласындағы мамандардың жұмысымен жақын танысты

Қостанай облысында Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында Ашық есік күні өтті.

Қостанай облысы бойынша Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының базасында Автожол колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — студенттерге орталықтың жұмысымен, жол материалдарының сапасын бақылау үдерістерімен және жол саласының стандарттарымен жақынырақ таныстыру болды.

Іс-шара барысында студенттерге жол құрылысында қолданылатын материалдардың сапасын тексерудің практикалық үдерістері көрсетілді. Олар тәжірибе жүзінде сынамалар сараптамасының қалай жүргізілетінін бақылап, жол төсемдерін диагностикалау мен жөндеудің заманауи әдістерін үйренді. Орталық мамандары студенттерге жол құрылысында сапа стандарттарын қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, бұл талаптардың жолдардың ұзақмерзімділігі мен қауіпсіздігі үшін негізгі фактор екеніне тоқталды.

Студенттер жол құрылысы саласындағы инновациялармен танысып, өздерінің болашақ кәсіби жолдарына бағыт алды.

Іс-шара студенттер үшін үлкен тәжірибе жинау алаңы ғана емес, сондай-ақ жол саласына деген қызығушылықты арттыруға үлкен септігін тигізді. Қатысушылар орталықтың жұмысына терең бойлап, жол саласының стандарттарын сақтау мен бақылаудың маңыздылығын терең түсінді.

Қостанай облысы бойынша Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы алдағы уақытта да білім алушылар мен жас мамандарды қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр, бұл өз кезегінде жол саласының сапасын арттыруға және кәсіби мамандарды даярлауға ықпал етеді.

Жаңалықтармен бөлісу