Студенттер арасында «IQҚұқық» интеллектуалды ойыны өтті

Студенттер арасында «IQҚұқық» интеллектуалды ойыны өтті

Қостанай облысы Әділет департаменті «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында және Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне орай «IQҚұқық: зияткерлік меншік» атты интеллектуалды ойын өткізді. Іс-шараға өңірдегі жоғары оқу орындарының заң факультеттерінің 3–4 курс студенттері қатысып, өз білімдері мен логикалық қабілеттерін сынға салды.

Ойынның басты мақсаты – зияткерлік меншік саласын насихаттау, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және болашақ заңгерлердің осы бағытқа қызығушылығын күшейту. Қатысушылар теориялық сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмалар орындау арқылы өз дағдыларын көрсетті.

blank

Бұл шара студенттер үшін тек бәсеке емес, тәжірибе алмасуға және кәсіби тұрғыда дамуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

blank

 

«IQҚұқық» жобасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және зияткерлік меншік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосты.

БОТА МАНЕТ