Меңдіқара ауданына қарасты Степанов ауылындағы 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасында жұмыс қызу жүріп жатыр. Мұнда қазір 348 сауын сиыр бар. Бір күнде 8 тонна сүт алынады. Бір сияр орта есеппен 28 литр сүт береді.
«Өңірде өткен жылы жалпы құны 10 млрд теңгеден асатын 3 бірдей сүт-тауар фермасы іске қосылған. Биыл тағы 3 ферма ашылады. Мұндай ірі фермалар сүт өңдеп, өнім шығарып, оны ішкі-сыртқы нарыққа шығарып жатқан ірі кәсіпорындарды сапалы шикізатпен қамтамасыз етіп отырады. Өңдеу саласына тың серпін әкелген жоба аясында биыл Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қарабалық, Қостанай, Сарыкөл, Бейімбет Майлин аудандары мен Арқалық қаласында 10 сүт-тауар фермасының құрылысы басталады», –деді бұл туралы Меңдіқара ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
Ферма шведтің «DeLaval» компаниясының заманауи сауын қондырғысы негізінде сүт өндіреді. Бәрі де аяқавтоматтандырылған. Ортасында Еуропадан әкелінген сауынға қажетті карусель қойылған.
Мұнда бір мезгілде 40 сиыр сияды. Даниядан 400 сиыр әкелініп, соның ден бұзаулапты.
Ферма құрылысына 6 млрд 700 млн теңге кеткен.
Степановқа осыдан 6 ай бұрын әкелінген голштин сиырлары әлемдегі ең жоғары сапалы, өнім көп беретін тұқымның бірі.
Малдың бәрі жергілікті ауа райына бейімделген. Бұл сиырлар – ең бірінші әкелінген лек.
Бір сиыр 3-4 жылға дейін сүт береді. Бұл сиырдың жай сиырдан ерекшелігі, жануар ірі әрі биік.
Ферма басшылары асыл тұқымның бірінші төлін облыстағы өзге шаруашылықтарға сатуды жоспарлап отыр.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев