Спандияр Көбеев мұраларының ағартушылық сипаты

Спандияр Көбеев мұраларының ағартушылық сипаты

Спандияр Көбеев жайында бірқатар зерттеу мақалалар, еңбектер басылып шыққан. Атап айтқанда, жазушының әдебиеттік еңбегі мен шығармалары жөнінде М.Әуезовтың «Орыс реализмінің дәстүрі мен қазақ әдебиеті», С.Мұқановтың «Жазушы педагог» деген мақалаларында, Б. Шалбаевтың «Қазақтың алғашқы романы» деген мақаласы мен «Қазақтың революциядан бұрынғы прозасы мен романының тарихы» деген кітапшасында, С.Қирабаевтің «Қазақтың тұңғыш романы» деген мақаласы мен «С.Көбеевтің жазушылық қызметі» (қолжазба) деген диссертациясында, Көбеевтің өзінің «Орындалған роман» атты шығармасында, орта мектеп оқу кітаптарында айтылған.

Спандияр Көбеев – 1903 жылдан бастап, осы күнге дейін өзінің барлық саналы өмірін, күшін, білімін халық ағарту ісінек, оқытушылық жұмысқа арнаған адам. Мәлік Ғабдуллин ағартушы жайындағы мақаласында «1950 жылы «Орындалған арман» деген атпен мемуарлық көлемді шығармасын жазып, баспаға берді. Кәзір «Педагогика мәселелері» деген педагогикалық еңбек жазып жүр. Біз бұдан Спандияр Көбеевтің оқытушылық саласымен белсенді шұғылданған жан болғанын аңғарамыз. (1, 253-бет).
Ол ақын, ойшыл, нағыз ұстаз жəне өз халқының патриоты ретінде тəрбиелік идеяларды айтып қана қоймай, оларды іс жүзінде жүзеге асыра бастады.
С.Көбеев қазақ аулындағы надандық, өзге де керағар мінез-құлықты сынау, шенеу, әшкерелеу мақсатында Крылов мысалдарын аударған. Спандияр Көбеевтің ағартушылық, аудармашылық қызметі де осы негізде туды. Оның Крылов мысалдарын көбірек аударып, бұрынғы аударылғандарын қайта қарап, бөлек кітап етіп бастырып шығаруға талаптануы – 1908-1909 жылдары. 1910 жылы бұл аудармалар «Үлгілі тәржімә» деген атпен Қазанда ағайынды Каримовтардың баспасында басылды. (1,46-бет) «Үлгілі тәржімаға» кірген» Спандияр жасаған 44 аударма және автордың «Мекен» атты бір өлеңі енген. Біздің байқауымызша, «Үлгілі тәржімаға» Крыловтан аударған 37 мысал, қалған 7 мысал сол кездегі оқу құралдарына көбірек падаланылып жүрген көп авторға ортақ мысалдар. Олар Ушинскийдің де, Л.Толстойдың да, Ыбырай Алтынсариннің де хрестоматиясында да ұшырасады. Дәлме-дәл аударма жасауды Спандияр алдына мақсат етіп қойған емес. Сондықтан оның көп шығармалары Крылов оригиналдарымен сайма-сай келе бермейді. Мысалы, «Қасқыр мен тырна» оригиналында 20 жол болса, аудармада одан екі есе артық, 54 жол. «Қарашекпен мен жыланда» 19, аудармада 46, «Арыстан мен тышқан» оргиниланыда 33, аудармада 72 жол.
С.Көбеевтің Крылов мысалдарын ағартушылық мақсатқа пайдаланбақ болғанын кез-келген мысалды оқи отырып, анық аңғаруға болады. Автордың позициясы айқын. өзі оқытушы, ағартушы Спандияр оқушыларына өз ойын тік, ашық айта отырады. осы шығармадан үлгі ал деп нұсқайды оқушыға. осы прниципті С. Көбеев өзі жасаған аудармаларында берік ұстанады.
«Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма,
Көршіге сенімсіздік қып қысым салма,
мықтылықты күшің болса, орнымен қыл,
Бәрін де беретұғын жалғыз Алла,үлкен болсаң, кішіні кемсінбей жүр.
Неге десең, ие ғой о да жанға
Крыловтың «Емен ағашы мен тал шыбық» атты мысалының адармасын С.Көбеев осы сөздермен бастайды. Аудармашы автор халқына ақыл, өсиет сөздерін айтып алады да, «Емен мен шілік» әңгімесін соған мысал есебінде көрсетеді. «Бай болсаң дәулетіңе сеніп, көршіңе қысым жасам, үлкен болсаң, кішіні кемсінбе, кішіні кемсінген емен дауылда түбірімен қопарылып құлады да, шілікке ешетеме де болған жоқ» дейді ол.
Бейсенбай Кенжебаев та өз зерттеуінде автордың сұлу сөзден гөрі ағартушылыққа, ақыл-өсиетке бағытталған шығармаларына талдау жасай келе: «Спандияр, ақын емес еді. Сондықтан ол Крыловтың мысалдарын, Абай сияқты, зор ақындық таланттпен, шабытпен асқан шеберлікпен аудара алаған жоқ, тек қара сөзбен, кейде еркін, кейде дәлме-дәл етіп аударып, көбінесе олардың мағынасын ғана беріп отырды. Онысы жатық, қарапайым өлең болып шыққан». (3, 277-бет)
Мұны Спандияр аударған аударған мысал өлеңдерінен айқын көріге болады. Мысалы, ол «Разборчивая невеста» деген мысалды «Күйеу таңдаған сұлу қыз», «Листы и корни» деген мысалды «Ағаштың тамырлары мен жапырақтары», «Крестянинь и смерть» деген өлеңді «Шал мен өлім», «Лисица и виноград» дегенді «Түлкі мен жүзім жемісі» деп аударған. Спандир Көбеев өзінің «Үлгілі бала» атты оқу кітабы мектеп, оқытушы, оқушылар, адам өмірі, қоғамдық тұрмыс жөнінде түсісінік беретін қысқа әңгіме, өлеңдерден бастаған. Кітаптың бұл жағының негіңзгі идеясы «Мектепке шақыру» деген орыс тілінен аударылған өлеңмен берілген. Ол өлең былай болып келеді:
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге мыпрза, ерке.
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес надан кісі алар текке.
Жазушы орыс тіліндегі бір әңгіменің желісін бойынша «Қайыршы» деген өлең жазып, оны оқу кітабына енгізген.
Қайыршы бір мүсәпір білуші ем шал,
Үрерге ит, тігерге тұяқ болмаған мал.
Ертеден кешке дейін қайыр сұрап,
Жүруші ед көрінгенге атып амал.
Әркімнен бұл қалыппен жинағанын,
Жақсының Құдай үшін сыйлағанын.
Қарып-ғасыр, ақсақ,соқыр, нашарларға
Өзінен таратушы ед ылғи әман.
Сондай-ақ, «Қасқыр мен тырна» атты мысалдың аудармасының басындағы 20 жолдай өлеңде де аудармашы уақиғада өз көзқарасын баяндайды:
Мысалы, бір қасқыр мен бір тырнадан,
Жарар еді ғибрат алса бүкіл адам.
Спандияр Көбеевтің оқу кітабы асқан педагогтік шеберлікпен жасалған. оның кітабындағы әрбір әңгіме мен ертек, мысал мен өлең оқушыға өмірдің барлық саласынан түсінік, білім береді, осы арқылы мәдениетке, өнер-білімге, адамгершілікке шақырады: еңбекке, іскерлікке, қайырымдылыққа, әділдікке үйретеді.
Қорыта келгенде, айтарымыз ұстаздың шығармашылығынан қазақ жастарын қайткен күнде де біліммен сусындатып, құштарлығын арттырып, еңбекке баулу мақсаты тұрғанын көреміз.

Нұрсұлтан Қасым,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, магистр

Жаңалықтармен бөлісу