Сот талабын орындамаған борышкер бас бостандығынан айырылды

Сот талабын орындамаған борышкер бас бостандығынан айырылды

Борышкерге былтырғы сәуір айында ҚР қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша  1 жылға пробациялық бақылау  тағайындалған болатын. Алайда, рудныйлық борышкер кәмелетке толмаған баланы асырап-бағу үшін соттың алимент  төлеу талабын орындамаған.

Облыстық  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  істі қайта қарап, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды асырауға сот шешімі бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан артық орындамауын негізге ала отырып, борышкерге 1 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Алимент өндіріп алу жөніндегі арнайы кеңсе құрамының  жеке сот орындаушысы Жансұлу Хамзина  былтыр  сәуір айынан бері 29  борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтып отыр.

«Оның  жиырма төрті қамауға алынып,  бесеуіне айыппұл салынды. Бұл әркетеміз өз жемісін беріп жатыр. Мәселен,  М – дан азаматша П – ның пайдасына алимент өндіріп алу  ісі жүргізілді. Борышкердің 1 797 362 теңге мөлшерінде берешегі  болды. Алимент  берешегі толық өтелгендіктен, әкімшілік жазадан босатылды. Құқық тәртібін бұзған к -деген азаматтың  4 011 125 теңге берешегі болып, ол 300 сағаттық  мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды.  6 000 645 теңге қарызы бар к-деген азаматқа да осындай жаза кесілді», – дейді Жансұлу Хамзина.

Жаңалықтармен бөлісу