Қостанай қаласының ауданаралық аумақтық бөлімде бес сот орындаушысы қызмет атқарады. Филиалға Қарабалық, Ұзынкөл, Федоров, Алтынсарин, Сарыкөл, Меңдіқара, Қостанай аудандары, Қостанай қаласы және Тобыл қаласы қарайды.
Өткен жылы статистикалық есепке сәйкес орындауға 1250 атқарушылық іс жүргізу түскен, оның ішінде 975 атқарушылық құжат аяқталған.
«Орындауда мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізулер болды. Сот орындаушыларының жұмысы шеңберінде мемлекет кірісіне Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне және жергілікті атқарушы органдарға 145 атқарушылық іс бойынша тәркіленген мүлік тапсырылды. Оның ішінде 10 пәтер әкімдікке берілді және 14 бірлік жылжымалы мүлік яғни, автокөлік өткізілді», – дейді Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының аға сот орындаушысы, бөліс басшысы Райхан Тлеубаева.
Былтыр жеке сот орындаушыларымен бірлескен жұмыс нәтижесінде борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмысы тиімді жүргізілген. Бөлімге түскен 411 ұсыныстың 292-сі ҚР ӘҚБтК-нің 669, 670, 665-баптары бойынша жауапкершілікке тартылған.
«Бөлімге 190 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініш түсті, оның ішінде 75 – жеке тұлғалардан, 115 – заңды тұлғалардан. Сот орындаушылары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша консультациялар жүргізеді. Аумақтық бөлім қызметкерлері ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі, ҰҚК, әкімдік және соттардағы қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заттай дәлелдемелерді жою жөніндегі комиссиялардың мүшелері. Осыған байланысты олар тұрақты түрде заттай дәлелдемелерді жою жұмыстарына қатысады. Аумақтық бөлім «Мен донормын», «Мектепке жол», «Бос орындар жәрмеңкесі», «Балаларды қорғау күні» және басқа да қайырымдылық акцияларға қатысты. Сот орындаушылары тұрақты негізде азаматтарды қабылдап, университеттерде, колледждерде және мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, «Заң және тәртіп» тақырыбында нотариустар мен адвокаттармен бірлесіп шалғай ауылдық округтерге шығу ұйымдастырылды, сондай-ақ сотталған азаматтарға тоқсан сайын консультациялар өткізілді», – дейді ӨКҚ алаңында өткен брифингте Райхан Тлеубаева.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі цифрландыру және уәкілетті органдарға өтініш беру процесін жеңілдету үшін «Adilet.gov» мобильді қосымшасын іске қосқан. Бұл қосымша арқылы азаматтарға атқарушылық іс жүргізулер туралы ақпарат алуға және жеке сот орындаушыларына тікелей өтініш жолдауға болады.
««E-Otinish» жүйесі арқылы өтініштерді қарау 15 жұмыс күніне дейін созылса, «Adilet.gov» қосымшасы арқылы қажетті ақпарат пен жауапты 5 жұмыс күні ішінде алуға болады. Бұл өз кезегінде процесті жеделдетіп, атқарушылық өндіріс органдарымен өзара әрекеттесуді ыңғайлы әрі ашық етеді. «Adilet.gov» қосымшасының арқасында азаматтарға жеке сот орындаушысының әрекеті немесе әрекетсіздігі бойынша «E-Otinish» арқылы бөлек өтініш жолдаудың қажеті жоқ және ұзақ күтудің де қажеті болмайды» – дейді спикер.
Барлық процестер автоматтандырылған. Өтініш жүйеде бірден тіркеледі, қажет болған жағдайда өңірлік жеке сот орындаушылар палатасына жіберіледі, ал жауап болмаған жағдайда автоматты түрде Әділет департаментіне жолданады. Егер жеке сот орындаушысы белгіленген мерзімде жауап бермесе, өтініш автоматты түрде өңірлік палатаға жіберіледі. Ал палата да жауап бермеген жағдайда, өтініш Әділет департаментіне жолданады. Осылайша, әрбір азамат өз өтінішінің қараусыз қалмайтынына сенімді бола алады, ал атқарушылық өндіріс жүйесі ашық әрі бақылауда жұмыс істейді.
Сандуғаш БЕКМҰРАТ
ҚӨУ студенті
