Ағам тарихшы болғандықтан, әңгімелері өте қызықты, әр айтқан әңгімесін тындамай отыру мүмкін емес. Кейбір әңгімелерін есте сақтап немесе диктофонға жазып алатынмын. Бірақ сол әңгімелердің ішінде менің ойымда мәнгі естелік болып қалатын бір тарихи әнгіме бар. Ол Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккені жайында.
30 сәуір Рақымжан Қошқарбаевтың ту тіккен күні деп бекітілді. Бұл неткен көзсіз батырлық десеңші. Рейхстагқа жерге еңбектеп 300 метр жерді 7 жарым сағат жүріп өткең. Таяқ тастам жер болса да, жау жан-жақтан оқ атқылап жеткізбей келеді. Өмір мен өлім арасында болған оқиға. Ешқай жері жараланбаған Рақымжан Рейхстагқа жетеді. Қызыл тудың шетіне өзінің және қасындағы жауынгердің, Григорий Болатовтын атың жазып, әдейі тапсырылған туды ең бірінші болып тігеді.
Жалпы айтсақ, екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойған – Р.Қошқарбаев туды тігуі. Бірақ та оны халық батыры деп мойындағысы келмеді. Әкесінің өткен өмірін карап, Р.Қошқарбаевты “халық жауының баласы” деп, орденнен алыстатып жібереді. Артынан, 1999 жылы 7 мамырда “Халық кахарманы” атағы берілді. Бұл Р.Қошқарбаев кайтыс болғанан кейін беріледі. Бұл қазақ халқы үшін ең үлкен, ұмытпайтындай ерлік. Рақымжан Қошқарбаевтың тарихта алатын орны зор. Қазіргі кезде Рақымжан Қошқарбаев атында мектеп, көше көп, ескерткіш те қойылды.
Жібек Нурпеисова,
Қостанай қаласындағы №122 мектептің 3-сынып окушысы